үшінші бағдарлама C-SV-12, C-SV-13 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы No 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп
қағидаларын) бiлуге арналған тестілер.
Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер
бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір
нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді
орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.